Твумаси «Астанамен» келісімшартын ұзартты

Твумаси «Астанамен» келісімшартын ұзартты
news-banner7
mobile-news-top

Түркиялық Olay.com.tr сайтының ақпаратына сүйенсек, «Астананың» шабуылшысы Патрик Твумаси қазақстандық клубпен екі жылдық келісімшартқа отырды.

24 жастағы форвард пен «Астана» арасындағы еңбек келісімі 2019 жылдың желтоқсанында аяқталатын еді. Енді ол 2021 жылға дейін ұзартылды.

Айта кетейік, түркиялық «Бурсаспор» Твумасиді сатып алғысы келген болатын. Алайда осы жаңалықтан соң футболшыны алу туралы ойынан айнып қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер