Criminals
Бокс

Допинг дауына іліккен Альварес WBC рейтингінде қайта көш бастады

Допинг дауына іліккен Альварес WBC рейтингінде қайта көш бастады
news-banner7
mobile-news-top

Орта салмақтағы мексикалық боксшы Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) тағы да Дүниежүзілік бокс кеңесінің рейтингінде көш бастап тұр.

Talksports.com порталының журналисі Майкл Бенсон бұл «Канелоның» екі мәрте допинг-тесттен сүрінгеннен кейін VADA ұйымының жыл бойы тестілеу бағдарламасына жазылуға шешім қабылдауымен байланысты деп отыр.

«Канело» 17 және 20 ақпанда кленбутеролға тексерілген допинг-сынамада оң нәтиже көрсетті, содан соң 6 айға (17 тамызға дейін) шеттетілген болатын. Соның салдарынан Геннадий Головкинмен 5 мамырға жоспарланған рематч өтпей қалды. Сондай-ақ, WBC «Канелоны» рейтингтен алып тастаған, алайда ұйымның президенті Маурисио Сулейман мексикалық боксшы допингіге қарсы бағдарламаға жазылған бойда рейтингтегі орнына қайта оралатынын айтқан болатын және солай болды да.

Головкин мен «Канелоның» командалары 15 қыркүйекте өтуі мүмкін қайта кездесу жөнінде келіссөздер жүргізуді жалғастыруда.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер