русский язык

Футболдан ӘЧ-2014. Гана әлем чемпионатына шықты

Футболдан ӘЧ-2014. Гана әлем чемпионатына шықты

Қара жұлдыздар 2014 жылы Бразилияда  өтетін мундиальға жолдама алды.

Гана құрамасы қарымта ойында қарсыластарынан есе жібергенімен, әлем біріншілігіне шықты. 

Ганалықтар плей-оффтың бірінші матчында  Египетті - 6:1 есебімен ойсыратта ұтқан болатын. Қарымта кездесуде Боб Брэдли жаттықтыратын Египет құрамасы Амр Заки мен Гедо соққан голдардың арқасында жеңіске жетті. Қонақтар сапында бір голды Кевин Принс Боатенг қайтарды. Қорытынды есеп - 2:1.  

Осылайша, Гана құрамасы қатарынан үшінші рет әлем чемпионатына жолдама алды.

Египет - Гана 2:1 (бірінші матч - 1:6)
Голдар: Амр Заки, 25, Гедо, 84 - Кевин-Принс Боатенг, 89

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;