русский язык
Волейбол

Волейболдан Жоғары лигасы. «А» тобы. Шымкенттіктер үздік шықты

Волейболдан Жоғары лигасы. «А» тобы. Шымкенттіктер үздік шықты

Өскеменде 11-18 қараша күндері волейболдан Жоғары лиганың «А» дивизионындағы ерлер командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының 1-туры өтті.

Шымкенттік «Динамо-Қазығұрт» жарыс қожайындарына «Шығыс Қорғасын-2» командасынан 2:3 есебімен ұтылып, мүмкін болған 21 ұпайдың 19-ын өз қоржынына салып жеңімпаз атанды. Олардан 2 ұпайы кем өскемендіктер екінші, ал 15 ұпайдан жинаған «Ұшқын-ҚазҰАУ» (Алматы) мен «Семей» 3-4 орынға табан тіреді. Одан кейінгі сатыға Қызылжардың «Есіл Виктория» (8 ұпай), Оралдың «Жайық-Конденсат» (6 ұпай), «Павлодар-2» (4 ұпай) мен жарысқа қатыспағандықтан барлық кездесулеріне 0:3 есебімен техникалық жеңіліс жазылған Теміртаудың «ВСМК АрселорМиттал» командалары орналасты.

Енді жарыстың келесі туры 18-27 желтоқсанда Павлодарда өтетін болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;