Жеңіл атлетика

Рыпакова «Гауһар лигасы» кезеңінде жүлдеге іліне алмады

Рыпакова «Гауһар лигасы» кезеңінде жүлдеге іліне алмады
news-banner7
mobile-news-top

Норвегияның Осло қаласында өткен «Гауһар лигасы» кезеңінде қазақстандық Ольга Рыпакова алтыншы орын иеленді, деп хабарлайды Рrosports.kz ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Үш қарғып секіруден 2012 жылғы Олимпиада чемпионы үшін бұл маусымдағы алғашқы жарыс болатын.

Ослодағы бәсекеде колумбиялық Катрин Ибаргуэн жеңімпаз атанды. Ол 14.89 метрге секірді. Күміс жүлдені 14.57 нәтижесімен америкалық Тори Франклин иеленсе, қола жүлдеге 14.50 көрсеткішімен ямайкалық Кимберли Уильямс қол жеткізді.

Ольга Рыпакова бұл сында 14.12 метрге секіріп, алтыншы орынға жайғасты. Бір айта кетерлігі, жүлдеге қол жеткізген спортшылардың барлығы да «Гауһар лигасында» сәуір айынан бері өнер көрсетіп келеді. Ал жерлесіміз Рыпакова үшін бұл биылғы маусымдағы алғашқы ресми турнир.

«Гауһар лигасы». 7 маусым, Осло. Үш қарғып секіру, әйелдер:

1. Катрин Ибаргуэн (Колумбия) – 14.89 метр;

2. Тори Франклин (АҚШ) – 14.57;

3. Кимберли Уильямс (Ямайка) – 14.50;

6. Ольга Рыпакова (Қазақстан) – 14.12.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер