русский язык
Теннис

Путинцева Ролан Гаррос турнирінде қанша ақша тапты

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева карьерасында «Ролан Гаррос» (Францияның ашық чемпионаты) турнирінің ширек финалына екінші рет шықты, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Бұл кезеңде Путинцева америкалық спортшы Мэдисон Кизден 6:7, 4:6 болып ұтылды. Аталған турнирдің ¼ финалына 2016 жылы алғаш рет шыққанда АҚШ теннисшісі Серена Уильмске жол берген болатын.

«Ролан Гаррос-2018» турнирінде ерлер мен әйелдер бірдей сыйақы алады. Осылайша Путинцева ширек финалға шыққаны үшін 380 мың еуро (147 миллион 883 мың теңгеден аса) пайда тапты. Ал турнирдің жартылай финалына шыққандар 560 мың еуро, финалға жеткен адам 1,12 миллион, ал жеңімпаз 2,2 миллион еуро алады.

Қазақстанның басқа теннисшілері айтарлықтай аз пайда тапты. Екінші айналымда ойыннан шығып қалған Зарина Дияс 79 мың еуро (30 миллион теңгеден аса), ал бірінші раундта жол берген Михаил Кукушкин 40 мың еуро (15 миллион теңгеден аса) ақша алды.

Айта кетейік, Қазақстаннан осы кезге дейін бірде-бір теннисші «Үлкен шлем» турнирлерінде ширек финалдан асқан емес. Тек Путинцеваға дейін ¼ финалға 2010 және 2012 жылдары Ярослава Шведова шықты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;