Бокс

Том Леффлер: Головкин үшін «Канело» жалғыз таңдау емес

Том Леффлер: Головкин үшін «Канело» жалғыз таңдау емес
news-banner7
mobile-news-top

WBA Super, WBC, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (38-0-1, 34 КО) промоутері Том Леффлер Villainfy Media-ға берген сұқбатында қыркүйекте Сауль Альвареспен жекпе-жек өтпеген жағдайда не істейтіндерін айтты, деп хабарлайды prosports.kz.

Бүгін «Канелоның» промоутері Оскар де ла Хойя Головкиннің сыйақыны 50/50 көрсеткішімен бөлісеміз деген талабының ешқашан орындалмайтынын ашық айтқан болатын. Әрі өзінің қарамағындағы боксшының 15 қыркүйекте америкалық Дэниэл Джейкобспен кездесуі мүмкін екенін де ескерткен еді.

Осының алдында мексикалықтың промоутері Головкиннің не үшін «Канеломен» кездесіп 20 млн таппай, нашар боксшылармен 1-2 млн ақшаға бола жұдырықтасып жүргенін түсінбейтінін айтқан еді.

Бұл пікірге Том Леффлер былай деп жауап берді:

- «Канеломен» кездесу тиімдірек болуы мүмкін. Бірақ GGG Билли Джо Сондерс, Сергей Деревьянченко немесе Джермалл Чарломен кездессе де тамаша жекпе-жек өтері сөзсіз. «Үлкен» немесе «шағын» жекпе-жек деген болмайды. Егер қандай да бір себепке байланысты Альвареспен келісе алмасақ, онда Геннадий өзге де жақсы кездесулер өткізе алады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер