Жастар ұлттық құрамасы. Үш кездесуде – бір ұпай
![Жастар ұлттық құрамасы. Үш кездесуде – бір ұпай](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1384807768_42589844.jpg?v=28713619)
2014 жылы өтетін жастар арасындағы (U-19) Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңнің соңғы кездесуінде Қазақстан Финляндиямен тең түсті.
Матч өте тартысты өрбіді. Жанкүйерлердің өкінішіне қарай, бұл кездесуде гол соғылмады.Қорытынды есеп - 0:0. Осылайша, Іріктеу кезеңнің қорытындысы бойынша Қазақстанның еншісінде - бір ұпай. Бұның алдында, отандастарымыз Сербия мен Австриядан ұтылған болатын.
«Финляндия» U-19 — «Қазақстан» U-19 - 0:0 (0:0)
Ескерту алғандар: Жағыпар 23, Маров 73 — Оянперя 33, Пююсало 71, Хамбо 86
Финляндия U-19: Вильяла, Оянперя, Меро, Старк, Вийтикко (Градецки 39), Ояла (Хамбо 51), Камара, Золамесо (Сьюроос 78), Тамминен, Пююсало, Йокинен
Қазақстан U-19: Голубничий, Кузьменко, Ермекұлы, Маров, Сухоносенко, Ысмаилов, Жағыпар, Райымбек (Чифин 66), Жүнісов (Сағындық 77), Сүлей (Даиров 80), Тұнғышбаев
Бас төреші: Христос Николаидес (Кипр)