Хоккей

«Алтай-Торпедо» клубына жаңа бапкер тағайындалды

news-banner7
mobile-news-top

Ерлан Сағымбаев өскемендік «Алтай-Торпедо» хоккей клубының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өткен маусымда Ерлан Сағымбаев «Торпедо» командасының бапкерлік штабында жұмыс істеді. Ал 2018 жылдан бастап «Алтайдың» жастар командасының бас бапкері болып тағайындалды.

Сағымбаев Ерлан Ерлесұлы - 5. 04. 1970. Өскемен қаласы

Ойыншы ретінде мынадай клубтарда өнер көрсетті:

1987 — 1990 — «Торпедо» (Өскемен)
1988-1989 — СКА (Свердловск)
1990 — 1991 — «Автомобилист» (Караганда)
1991 — 1994 — «Торпедо» (Өскемен)
1994 — 1996 — «Авангард» (Омск)
1996 — 1997 — «Металлург» (Новокузнецк)
1997 — 1998 — «Сибирь» (Новосибирск)
2000 — 2001 — «Торпедо» (Өскемен)

Бапкерлік жолы:

2001-2005 жж. - «Казцинк-Торпедо-2» бас бапкер (Өскемен қаласы)
2005 - 2006 жж. - «Казцинк-Торпедо-2» аға жаттықтырушы (Өскемен қаласы)
2006 - 2008 жж. - «Казцинк-Торпедо-2» бас бапкер (Өскемен қаласы)
2008 - 2009 жж. - «Сарыарқа» ХК бас бапкер (Қарағанды)
2009 - 2012 жж. - «Ертіс» ХК бас бапкер (Павлодар қ.)
2012 - 2015 - «Барыс» ХК бас бапкерінің көмекшісі (Астана)
2015 ж. - «Барыс» ХК бас бапкер (Астана)
2016 - «Қар барыс» ХК-ның жаттықтырушысы (Астана)
2016-2017 жж. - «Торпедо» аға жаттықтырушы (Өскемен қаласы)
2018 - «Алтай» ХК бас бапкер (Өскемен қаласы)

Бұдан бөлек Сағымбаев мырза Қазақстан жастар құрамасын, Қазақстан ұлттық құрамасын басқарған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер