Әлем футболы

Мұсылман қақпашы ойын кезінде жарақат алып, ауыз бекіткен футболшыларды тамақтандырды

Мұсылман қақпашы ойын кезінде жарақат алып, ауыз бекіткен футболшыларды тамақтандырды
news-banner7
mobile-news-top

Тунис құрамасының қақпашысы футбол бойынша әлем чемпионатының алдындағы жолдастық ойын кезінде ауыз бекіткен команда мүшелерін тамақтандырудың жолын тапты.

Муэз Хассен Түркия және Португалия құрамаларымен ойын кезінде екі рет жарақат алған. Салдарынан екі ретте де ойын ауызашар уақыты кірген кезде тоқтатылған. Осы кезде ойыншылар бірден бапкерлеріне жүгіріп, су ішіп, тамақтанып алыпты.

Аталған екі жағдайда да қақпашы ауыр жарақат алмаған, сонымен қатар алаңға шығып, ойынды да жалғастыра берген.

Басылымда аталғандай, мұндай үзілістерден кейін құрама анағұрлым жақсы ойнай бастапты.

Үзіліске дейін Португалия 2:1 есебімен алда келе жатқан. Алайда спортшылар тамақтанып алғаннан кейін, есеп теңескен. Сонымен қатар Түркиямен өткен ойын да 2:2 есебімен теңбе-тең аяқталды.

Ал Хасеннің өзі Twitter желісіндегі парақшасында: «Негізі қатты ауырған еді», – деп жазды.

Түпнұсқасы: stan.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер