«Құпия» ақпарат

Сейдахмет «Зенитке» ауысқысы келетінін айтты

Сейдахмет «Зенитке» ауысқысы келетінін айтты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан құрамасы мен ресейлік «Уфаның» шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет «Зенит» клубына ауысқысы келетінін айтты, деп жазады Prosports.kz сайты.

2016 жылдың желтоқсанынан бастап «Уфа» командасын баптап келген Сергей Семак жақында «Зенит» командасына ауысып кетті. Ресейлік маман «Уфа» командасымен биыл сәуір айының басында жаңа келісімшартқа қол қойғанына қарамастан Санкт-Петербург қаласынан түскен ұсыныстан бас тарта алмады.

- Сергей Семакқа сенім білдіргені үшін алғысымды білдіремін. Ол Станимир Стоилов секілді жастарға мүмкіндік береді. «Зенитке» шақырту алу үшін әлі талай тер төгуім қажет, - деді Сейдахмет «Qazsport» арнасына берген сұқбатында.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан мен Әзірбайжан құрамалары елорда төрінде жолдастық ойын өткізді. Үш гол соққан біздің құрама ірі жеңіске жетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер