Бокс

«Ұлыбританияның ең нашар боксшысы» Головкинге тіл тигізді

«Ұлыбританияның ең нашар боксшысы» Головкинге тіл тигізді
news-banner7
mobile-news-top

«Ұлыбританияның ең нашар боксшысы» деген атқа ие болған Робин Дикин (55 жекпе-жектің екеуінде ғана жеңіске жеткен) твиттерде тағы да арандатушы пост жариялады.

Онда ол отандасы Билли Джо Сондерске үн қатып, қазақстандық Геннадий Головкин туралы дөрекі сөз айтқан.

"Мен әжетхана емеспін, үздіктермен айқастым, сондықтан Билли Джо Сондерс менің салмағымда болғанда онымен жұдырықтасушы едім. Билли, сен P4P королі боласың, ал Геннадий Головкин – әжетхана", — деп жазды Дикин.

Осылайша ол Сондерсті жоспарланған жекпе-жектен бас тартқаны үшін әжетханаға теңеген Мартин Мюррейдің сөзіне астарлап жауап берді.

Бұған дейін Робин GGG-ді "әйел" деп атап, Билли Джоны нағыз чемпион деп есептейтінін айтқан еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер