Теннис

Путинцева «Ролан Гаррос» жарысының жартылай финалына шыға алмады

Путинцева «Ролан Гаррос» жарысының жартылай финалына шыға алмады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық теннисші, әлемнің 98-ракеткасы Юлия Путинцева «Ролан Гаррос» турнирінің ширек финалынан кері қайтты.

Үлкен Дулыға аясындағы жарыстың ширек финалында Юлия әлемнің 13-ші ракеткасы, америкалық Мэдисон Кизбен кездескен. Қазақстандық теннисші қарсыласына 6:7, 4:6 есебімен есе жіберді. Матч 1 сағат, 26минутқа созылды

Айта кетейік, Путинцева Франция ашық чемпионатының бірінші айналымында 21-ракетка франциялық Йоханна Контаны, кейін 86-ракетка Дженнифер Брэдиді, 85-ракетка Цян Ванды жарыс жолынан шығарған болатын. Ал төртінші айналымда 26-ракеткасы, чехиялық Барбора Стрыковамен кездескен. Қазақстандық теннисші қарсыласын 6:4, 6:3 есебімен қапы қалдырды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер