Хоккей

«Барыс» клубына жаңа бапкер тағайындалды

«Барыс» клубына жаңа бапкер тағайындалды
news-banner7
mobile-news-top

Астана қаласының намысын қорғайтын «Барыс» командасының бас бапкері болып 47 жастағы белгілі Беларусь маманы Андрей Скабелка тағайындалды, деп хабарлайды prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Клубтың ресми сайтында жазылуынша, келісімшарт екі жылға жасалған. Бас бапкер бүгінде өзінің жаттықтырушылар құрамын жасақтауға белсене кірісіп кеткен.

Естеріңізде болса, осыған дейін «Барыс» хоккей клубына жаңа президент тағайындалған болатын.

Андрей Владимирович Скабелка - 20.01.1971, Минск қаласы.

Ойыншы кезінде шабуылшы болып өнер көрсеткен.

Андрей бапкерлік қызметті 2007 жылы бастады. Сол уақыттан бері ілгерінді-кейінді «Металлург НК», «Гомель», «Торпедо НН», «Сибирь», «Авангард» қатарлы клубтарды баптады. 2012-2013 жылдары Беларусь ұлттық құрамасының тізгінін ұстады.

Жетістіктері:

Ойыншы ретінде

Ресей чемпионы (1997), Ресей чемпионатының қола жүлдегері (1998).
Беларусь чемпионы (1993-95, 2005), Беларусь чемпионатының күміс жүлдегері (2006).
Белорус Кубогының жеңімпазы (2004-тамыз, 2005).
Жылдың үздік хоккейшісі (1994, 1997).

Жаттықтырушы ретінде

Беларусь чемпионатының қола жүлдегері 2010 («Гомель» ХК)
ҚХЛ-дің 2014-2015 жылғы қола жүлдегері («Сибирь» ХК)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер