Қазақстан жастар құрамасы Еуропа кубогынан 6 медаль алды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңыз2-3 маусым күні Австрияның Лейбинц қаласында дзюдодан жастар арасында Еуропа кубогы өтті.
39 елден 580 жас дзюдошылар белдескен бәсеге Қазақстан жастар құрамасынан 30 спортшы татамиге шығып, оның 6-ауы жүлдегерлер қатарынан табылды деп хабарлайды Дзюдо федерациясының баспасөз қызметі.
Екі алтын, төрт қола медаль иеленген Қазақстан жастар құрама командасы Еуропа кубогында жалпы командалық кестеде 10-орынға тұрақтады.
Жүлдегерлер тізімі:
Күміс – Бауыржан Нарбаев (60 кг)
Күміс – Мөлдір Нарынова (70 кг)
Қола – Арслан Есенгел (60 кг)
Қола – Жанболат Бағбергенов (73 кг)
Қола – Аңсарбек Ғайнуллин (73 кг)
Қола – Ғалия Тынбаева (48 кг)