Дзюдо

Қазақстан жастар құрамасы Еуропа кубогынан 6 медаль алды

Қазақстан жастар құрамасы Еуропа кубогынан 6 медаль алды
news-banner7
mobile-news-top

2-3 маусым күні Австрияның Лейбинц қаласында дзюдодан жастар арасында Еуропа кубогы өтті.

39 елден 580 жас дзюдошылар белдескен бәсеге Қазақстан жастар құрамасынан 30 спортшы татамиге шығып, оның 6-ауы жүлдегерлер қатарынан табылды деп хабарлайды Дзюдо федерациясының баспасөз қызметі.

Екі алтын, төрт қола медаль иеленген Қазақстан жастар құрама командасы Еуропа кубогында жалпы командалық кестеде 10-орынға тұрақтады.

Жүлдегерлер тізімі:

Күміс – Бауыржан Нарбаев (60 кг)

Күміс – Мөлдір Нарынова (70 кг)

Қола – Арслан Есенгел (60 кг)

Қола – Жанболат Бағбергенов (73 кг)

Қола – Аңсарбек Ғайнуллин (73 кг)

Қола – Ғалия Тынбаева (48 кг)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер