Қазақстан Мадридтегі турнирді бір медальмен аяқтады
![Қазақстан Мадридтегі турнирді бір медальмен аяқтады](https://prosports.kz/upload/news/content/472_bc3fd8718ce467ca4c0cac67a11e531b.jpg?v=28656275)
Дзюдодан Қазақстан құрамасы Мадридтегі Еуропа ашық кубогында өнерін аяқтады.
Турнир қорытындысы бойынша, еліміздің ұлттық командасы бұл турнирде бір қола медаль жеңіп алды. Оны еншілеген – Отгонцэцэг Галбадрах.
Ал бүгінгі күннің ең үздік нәтижесі Зере Бектасқызы мен Зарина Райфованың 1/8 финалға дейін жетуі.