Теннис

Путинцева тағы да ерледі

Путинцева тағы да ерледі
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық теннисші, әлемнің 98-ракеткасы Юлия Путинцева «Ролан Гаррос» турнирінің ширек финалына жолдама алды.

Үлкен Дулыға аясындағы жарыстың төртінші айналымында Юлия әлемнің 26-ракеткасы, чехиялық Барбора Стрыковамен кездескен. Қазақстандық теннисші қарсыласын 6:4, 6:3 есебімен қапы қалдырды. Матч 1 сағат, 31 минутқа созылған.

Айта кетейік, Путинцева Франция ашық чемпионатының бірінші айналымында 21-ракетка франциялық Йоханна Контаны, кейін 86-ракетка Дженнифер Брэдиді, 85-ракетка Цян Ванды жарыс жолынан шығарған болатын.

Енді қазақстандық спортшы ширек финалда әлемнің 13-ракеткасы, америкалық Мэдисон Кизбен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер