Спартакиада
Басқа

Дариға Назарбаева: Спорт - рухы биік, мықты тұлға болуға жігерлендіреді!

Дариға Назарбаева: Спорт - рухы биік, мықты тұлға болуға жігерлендіреді!
news-banner7
mobile-news-top

Бурабайда орналасқан «Балдаурен» РОСО-да «SportFEST Kazakhstan» жобасы өз мәресіне жетті.

Аталмыш додаға еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған адуын айға білеген 6000-нан іріктелініп шыққан 528 спортшы өзара мықтыны анықтауда. Спорттың алты түрінен; жігіттер арасындағы футзал, әскери қолданбалы спорт түрлері, шахмат, үстел теннисінен сайысқа түссе, ал қыздар арасындағы тартысты бәсекелер баскетбол мен тоғызқұмалақтан өтті.

Іріктеу кезеңінен сүрінбей, алдына жан салмаған спортшыларды, жобаның ашылу салтанатында парламент сенатының депутаты Дариға Назарбаева жігерлендіріп, «SportFEST Kazakhstan» жобаның елімізге қаншалықты маңызды екенін атап өтті.

«Бүгін Балдәуренде жеңімпаздар жиналып отыр. Қандай әдемі, ақылды, жүздері балбұл жайнаған балалар! Әрқайсыларыңыз өз өңіріңіздің үздігісіздер. Спартакиадаға еліміздің 800 мектебі қатысты, енді сіздер өз мектебіңіздің, аймағыңыздың намысын қорғап келгелі отырсыздар. Ойындар сөзсіз есте қалар, тартысты, думанды боларына сенемін. Спорт бұл – күш, физикалық дайындық, денсаулық, және ең бастысы жеңіске деген ұмтылыс. Қарсыласты ғана емес, өз-өзіңді жеңе білу өнері. Сіздердің қолдарыңыздан бұл келді. Спорт - рухы биік, мықты тұлға болуға жігерлендіреді. Ал біздің елімізге бұндай тұлғалар қажет. Қазақстанның болашағы сендердің қолдарыңда. Ал бұл қолдар мықты болуы тиіс» - деді Дариға Назарбаева.

Сонымен қатар, «SportFEST Kazakhstan» жобасының ұйымдаструшылары ауқымды шараны қолға алуға түрткі болған жағдайлармен бөлісті

- «SportFEST Kazakhstan» жобасы Samruk Kazyna Trust корпоративтік қоры үшін маңызды спорттық жобалардың бірі, себебі осы жобаның арқасында жастардың бұқарал+ық спорт түрлеріне қызығушылығын арттырып, дені сау ұрпақ тәрбиелеуге ықпал еттік. Республика бойынша 6000-ға жуық мектеп оқушыларын қамтыған бұл жобаның ақтық мәресіне 600-ден астам қатысушы жиналды. Қорымыздың "Менің елім" әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында жүзеге асқан спартакиада еліміздің барлық аймақтарындағы жастардың спортпен айналыса бастауына, салауатты өмір салтын қалыптастыруға көмектесті деп сенеміз», - деді Samruk Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қорының менеджері Бекзат Кеңесова.

Естеріңізге сала кетейік, Іс-шараға 8-10 сынып оқушылары қатысып жатыр. Сондай-ақ, 5 маусымда «Балдәурен» РОСО-да республикалық мектеп спартакиадасы өз мәресіне жетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер