Ұлттық спорт

Елордада ұлттық ат спортынан чемпионат мәресіне жетті

Елордада ұлттық ат спортынан чемпионат мәресіне жетті
news-banner7
mobile-news-top

Астананың іргесіндегі «Қазанат» атшабарында теңге ілуден екінші, аударыспақтан үшінші Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Кеше басталған байрақты бәсеке бүгінде жалғасты. Екі күнде құрыш білекті, жүрегі түкті жігіттер өзара бақ сынасып, кіл мықтының ішінен шын мықтыны анықтады.

Астананың 20 жылдығы мерекесі аясында ұйымдастырылған қос бірдей Азия чемпионатына әлемнің 9 елінен 60-қа жуық спортшы қатысты. Бәрі де сайдың тасындай сақа жігіттер. Кеше спортшылар теңге ілуден бақ сынады.

Аттың құлағында ойнап, дүбірді естісе делебесі қозатын қазақтың марқасқа жігіттері намысты қолдан бермеді.

Олар сөреден шауып шығып, көз ілеспес шапшаңдықпен шүберекке түйілген тиынды іліп әкетуі тиіс. Сайыс қорытындысы бойынша ел намысын қорғаған Сапарбек Мағжан мен Ізжанов Ғалымжан бірінші және екінші орынды өзара бөлісті. Ал үшінші орын қырғыздарға бұйырды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер