русский язык
Хоккей

«Сарыарқа» ХК сырт алаңда «Буранды» жеңді

«Сарыарқа» ХК сырт алаңда «Буранды» жеңді

Қарағандылық «Сарыарқа» хоккей клубы сырт алаңда «Буран» (Ресей, Воронеж) командасын ұтты.

Ойынның басында алаң иелері есепті бірінші болып ашса да, алғашқы кезең аяқталғанша, «Сарыарқа» қарсыластың қақпасына 4 (!) бірдей шайба соғып, есепті 4:1-ге дейін жеткізді. Екінші кезеңде «Буран» есеп айырмасын бір шайбаға қысқартты. Алайда Қарағанды қаласының хоккей клубы тағы бір шайба соғып, таразы басын 5:2-ге апарды. Үшінші кезеңде қарсыластар үшінші шайбасын соғып, соңғы минуттарда қақпашысыз таразы басын теңестіруге де тырысты. Бірақ «Сарыарқа» бос тұрған қақпаға алтыншы шайбаны соғып, жеңімпаз атанды. Қорытынды есеп - 6:3.

Айта кетсек, осы ойыннан кейін «Сарыарқа» тағы үш ұпайға қол жеткізіп, Жоғары хоккей лигасының жалпы турнирлік кестесінде 7-ші орынға көтерілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;