Қазақ күресі

Қазақ күресінен Еуропа чемпионатына 18 елдің балуандары қатысады

Қазақ күресінен Еуропа чемпионатына 18 елдің балуандары қатысады
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Сербияның Зренянин қаласында қазақ күресінен кезекті Еуропа чемпионаты басталады.

Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясы мен Біріккен күрес әлемі аясындағы белдесу бәсекесіне құрлықтың 18 елінен балуандар келді. Биылғы Еуропа біріншілігінде жігіттерден бөлек тұңғыш рет алты салмақта балуан қыздар күш сынасады. Еуропа чемпионатының алдында төрешілерге арналған семинар өтті. Мамандар қазақ күресінің айла-тәсілдері мен ұпай есептеу жүйесін түсіндірді. Жаттықтырушыларға ағылшын тіліне аударылған әдістемелік оқулықтар таратылды.

- Балуандар белдесуінің әдіс-тәсілдерді нақты көрсетіліп, шетелдік төрешілерге барлығы түсіндірілді. Еуропа чемпионаты әділ әрі таза өтеді деген ниеттемін. Қазақ күресі алғаш рет жабық кешендегі Азия ойындары бағдарламасына еніп, белдесулердің барлығы жиналғандар көңілінен шықты. Еуропа чемпионаты қазақ күресін одан әрі дамытуға өзіндік септігін тигізеді, - дейді UWW белбеулі күрес түрлері комитетінің президенті Гинтаутас Вилейта.

Түпнұсқасы: 24.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер