Ой қорыту
Бокс

Данияр Елеусінов: Жеңілмеген абсолютті әлем чемпионы болғым келеді

Данияр Елеусінов: Жеңілмеген абсолютті әлем чемпионы болғым келеді
news-banner7
mobile-news-top

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов Геннадий Головкиннен де асып түскісі келетінін айтты.

«Головкинді Қазақстанда көпшілік таниды. Әлемде Қазақстан туралы айтсаң, бірден GGG еске түседі. Бұл да менің мақсаттарымның бірі. Мен де Қазақстан туралы айтылған жерде атымның аталғанын қалаймын. Головкин біздің елдегі барлық спортшы үшін жол ашты, мен де соның ізімен жүруді қалаймын», – дейді боксшы.

«Бірақ менің жолым басқа, мен одан да озуды қалаймын. Мен әлемнің жеңілмейтін, абсолюттік чемпионы болуды армандаймын. Ең алдымен, елімнің даңқын асқақтатқым келеді, ол менің басты мақсатым», – дейді Елеусінов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер