Станимир Стоилов: Еркебұлан Сейдахмет – қазақ футболының болашағы

Станимир Стоилов: Еркебұлан Сейдахмет – қазақ футболының болашағы
news-banner7
mobile-news-top

​​​​​​​Бүгін елордада футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы оқу-жаттығу жиынын бастады. Дәстүр бойынша Ұлттық құраманың бас бапкері Станимир Стоилов баспасөз мәслихатын өткізіп, Әзірбайжанға қарсы команданың дайындығы туралы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сауалдарына жауап берді.

— Барлық ойыншылар жиналды. Еркебұлан Сейдахмет жарақатынан кейін, қалпына қайта келе бастады. Қалған ойыншылардың денсаулығы жақсы. Алдағы ойын Ұлттар лигасының кездесулеріне дайындық саналады. Әзірбайжан комбинациялық футбол ойнайды. Екі елдің де футболды дамытуға деген ниеті зор. Менің футболшыларым ел намысы үшін соңына дейін күресуі тиіс.

— Қарсылас қалай таңдалды?

— Әзірбайжан құрамасының ойын үлгісі Ұлттар лигасында біздің топта ойнайтын Грузия құрамасына ұқсас. Сонымен қатар, қарсылас таңдау мерзімі аздық етті. Ұйымдастыру жұмыстарын жақсарта түсу қажет.

— Жаңа құрамада жас футболшылар басым...

— Жас футболшыларға мүмкіндік беріп отырмын. Олардың бойындағы батылдықты арттыра түсу үшін. Мен үшін ойыншының жасы маңызды емес. Қазақстанда 23 жастағы футболшыны жас ойыншы деп санайтынын алғаш рет естідім. Футболшылардың өз клубтарында жиі ойнауы маңызды. Күздегі турнир алдында ойыншыларды соңғы рет бағалап шыққалы отырмыз. Шабуылды жақсарта түскен жөн. Көптеген клубта бұл позицияда легионерлер ойнайды. Сол себепті қиындықтар бар.

— 17 жастағы алматылық «Қайраттың» шабуылшысы Вячеслав Швыревті шақырудың мақсаты қандай?

Қазақстан Кубогындағы «Оқжетпес» пен «Қайрат» ойынын қарадым. Футболшының қарымы жақсы. Жақсы шабуылшыға тән қасиеттері бар. Ал, ондай шабуылшылар аз. Наурыз айында шақырғым келген. Алайда, әлі ерте деп ойладым.

— Еркебұлан Сейдахмет туралы айтсақ. Бір жағынан ойнайтын чемпионаты мықты, екінші жағынан «Уфада» ойын тәжірибесі аздау. Ол туралы не дейсіз?

— Ол екі ай ойнамады. Ресей чемпионатында ойнап кетсе, Қазақстан құрамасы үшін үлкен жетістік. Мен үшін ойын тәжірибесі бар жерде ойнағаны. Ресей чемпионаты басталғанда жақсы форма жинайды деп ойлаймын. Еркебұлан Сейдахмет – қазақ футболының болашағы.

— Бірінші жиынға шақырылмаған Бауыржан Тұрысбек тізімге ілінді. Не себептен шақырдыңыз?

— Бауыржан сәл батыл ойнай бастады. Алайда, жылдамдығы әлі де бұрынғыдай. Ойынын өзгертпесе, басқа үміткерлерді іздейміз. Еркебұлан Тұңғышбаев та солай. Бізге еуропалық деңгейдегі футболшылар керек. Футболшыларға екі рет қана мүмкіндік беріледі. Үшінші рет қайталамаймыз.

Еске сала кетейік, Қазақстан мен Әзірбайжан матчы 5 маусым күні «Астана Арена» стадионында өтеді. Матч 20:00-де басталады.

Түпнұсқасы: kff.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер