Қысқы

Паралимпиада чемпионы: Мемлекет уәде еткен сыйақыны әлі берген жоқ

Паралимпиада чемпионы: Мемлекет уәде еткен сыйақыны әлі берген жоқ
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық шаңғышы Александр Колядин мемлекет тағайындаған сыйақыны жарты жылдан бері ала алмай жүр.

Пхенчханда өткен қысқы Паралимпиада ойындарында алтын медаль иеленген спортшы биліктегілердің түрлі сылтауынан әбден мезі болған.

Колядиннің сөзінше, дүбірлі додадан кейін Қостанай облысының әкімі шаңғышыға жеңісі үшін 1 млн теңге сыйақы беріпті. Ал, мемлекеттен тағайындалған 250 мың долларды әлі ала алмай жүр екен. Жауаптыларға жүгінсе, "ақшаңды бүгін-ертең аударамыз" деген желеумен түрлі сылтау айтып, спортшыны түлкібұлаңға салып келеді. Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері спортшыға тиесілі қаражат келесі аптада аударылады деп сендіріпті.

Түпнұсқасы: qazaqtimes.com Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер