Criminals
Бокс

Альварес: Жыл бойы допинг-тестілеуден өтемін

Альварес: Жыл бойы допинг-тестілеуден өтемін
news-banner7
mobile-news-top

Екі салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес (49-1-2, 34 КО) VADA ұйымдарының допингке қарсы ұйымдастырылған «Таза бокс» бағдарламасына қол қойды. Бұл жайлы спортшы өзінің Twitter желісіндегі парақшасында жариялады.

«VADA ұйымымен жыл бойы тестілеуден өтуге келісімшартқа қол қойғанымды хабарлағым келеді», - деді Альварес.

Бұл дегеніміз «Канело» жыл бойы жекпе-жегі бар не жоғына қарамастан кез келген уақытта допинг сынамасын тапсырып отырады. Ол тестілеудің қашан басталатынын нақты айтқан жоқ.

Еске сала кетейік, Головкинмен кездесу алдында допинг тесттен сүрінген «Канело» жүйелі түрде допинг-тестілеуден өтуге міндеттелген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер