русский язык

Футболдан ӘЧ-2014. Роналду мен Украинаның ерлігі (Видео)

Футболдан ӘЧ-2014. Роналду мен Украинаның ерлігі (Видео)
Футболдан 2014 жылы Бразилияда өтетін әлем біріншілігіне іріктеу кезеңі аясында Еуропада алғашқы төрт плей офф кездесулері өтті.
 
Франция сырт алаңда Украинадан екі гол жіберіп, мундиальға шығу мүмкіндіктерін қиындатып алды. Зозуля мен Ярмоленко соққан голдар кездесудің тағдырын шешті.

«Украина»-«Франция» - 2:0
Голдар: Зозуля, 61, Ярмоленко, 83 (пенальтиден)

Афины қаласында Грекия Румыниядан басым түсті. Митроглу дубльдың авторы атанса, тағы бір голды Салпингидис соқты. Қонақтардың сапында көзге түскен - Странчу.

«Грекия»-«Румыния» - 3:1
Голдар: Митроглу, 14, 67, Салпингидис, 20 — Станчу, 19
 
 
Португалия Лиссабондағы «Да Луш» стадионында Швецияны жеңді. Тартысты өрбіген матчтағы жалғыз голды Криштиану Роналду соқты. 
 
«Португалия»-« Швеция» - 1:0
Гол: Роналду, 82 

Исландия өз алаңда Хорватиямен тең түсті. Жанкүйерлердің өкінішіне қарай ойында гол соғылмады, қызықтың барлығы қарымта кездесуге қалды.
  
«Исландия»-«Хорватия» - 0:0
 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;