Хоккей

«Спорт-Экспресс»: «Барыстың» президенті бәрін құртып кетті

«Спорт-Экспресс»: «Барыстың» президенті бәрін құртып кетті
news-banner7
mobile-news-top

Ресейлік беделді спорт басылымы «Спорт-Экспресс» Құрлықтық хоккей лигасындағы оқиғаларға жасаған шолуында «Барыс» клубының бұрынғы президенті Асқар Шопобаевтың қызметін қатаң сынады. Бұл туралы Baq.kz ақпарат агентті жазды.

Қазақстандық ең танымал шайбалы хоккей клубы «Барыстың» соңғы уақытта бастан кешірген қиындықтары мен болашағына газет шолушысы «Барыстың» президенті кетті. Бірақ команданы күйретіп кетті» деп аталатын мақалада тоқталады.

«Кей адамдардың ісіне бәрін түк қалдырмай күйреткенше назар аудармайды. Мен «Барыста» соңғы кезде болған нәрселерге әдейі мән бермедім. Клубтың президенті етіп Асқар Шопобаевты тағайындаған адамдар есін жиятын шығар деп күттім» деп жазады мақала авторы Алексей Шевченко.

Оның айтуынша, Шопобаевтың тілігіне баяғыда баға беріліп, қорытынды жасалуы керек еді. Бірақ неге екені белгісіз, клуб қожайындары оған бәрін құртуға мүмкіндік беріп қойды. Автор ең ауыр нұқсан «Барысқа» қаржылық емес, имидждік тұрғыда келгенін айтады.

«Найджел Доусқа қатысты дау-дамайдың өзі неге тұрады! Астаналық клубты танымал етуге зор үлес қосқан хоккейшіні бұлай қорлау! Бұлай жасамау керек еді» дейді Шевченко.

Оның сөзіне қарағанда, басқа проблемалар мұнымен салыстырғанда ұсақ-түйек.

«Енді президент болып Борис Иванищев тағайындалды. Бұл адамды мен танымаймын, оған кепіл бола да алмаймыз. Бірақ оның алғашқы шешімдеріне қарап команданың қалай жүретінін бағамдауға болады. Күтеміз, ең әуелі бас бапкер болып кім тағайындалар екен, соны білейік» деп жазады шолушы.

Бұдан бұрын Асқар Шопобаев «Барыс» клубының президенті қызметінен отбасы жағдайына байланысты өз еркімен кетіп, мұны хоккей саласының адамдары қуана қабылдаған болатын.

Бүгін бірқатар спорт басылымдары «Барысты» беларусь маманы Андрей Скабелка жаттықтыруы мүмкін екенін хабарлады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер