русский язык
Хоккей

«Қазцинк-Торпедо» «Дизельді» тізе бүктірді

«Қазцинк-Торпедо» «Дизельді» тізе бүктірді

Өскемендік «Қазцинк-Торпедо» хоккей клубы өз алаңда «Дизель» (Ресей, Пенза) командасын жеңді.

Бұл матчта қарсыластар есепті бірінші болып ашты. Ал екінші кезеңде оны еселей түсті. Дегенмен, үшінші кезеңде «Қазцинк-Торпедоның» хоккейшілері таразы басын теңестіріп қана қоймай, бір шайбамен алға шықты. Бұл жерде Евгений Рымаревті ерекше атап өткен жөн. Ол қарсыластың қақпасына екі бірдей шайба соғып, дубльдың авторы атанды. Бұдан бөлек, тағы бір шайба Кирилл Савицкийдің еншісіне жазылды. Қорытынды есеп - 3:2.

Айта кетейік, «Қазцинк-Торпедо» биылғы чемпионатты сәтті бастаса да, соңғы бес ойында қатарынан ұтылған болатын. Бұл - оның сол сәтсіз кезеңінен кейінгі алғашқы жеңісі. Команда тағы үш ұпайға ие болып, барлығы 40 ұпаймен Жоғары хоккей лигасының жалпытурнирлік кестесінде үшінші орынға көтерілді.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;