русский язык
Хоккей

«Барыс» ЦСКА-дан ұтылды. Елордалық клуб үшін Қазақстанның ескі Әнұраны шырқалды

«Барыс» ЦСКА-дан ұтылды.  Елордалық клуб үшін Қазақстанның ескі Әнұраны шырқалды

Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы сырт алаңда мәскеулік «ЦСКА» командасына жол беріп қойды. 

 Бұл ойында екі кезең бойы шайба соғылмады. Ал үшінші кезеңде қарсыластар «Барыстың» қақпасына үш бірдей шайба соғып, жеңімпаз атанды. Қорытынды есеп - 0:3.

Айта кетер жайт, матчтың басында «Барыс» үшін Қазақстанның ескі Әнұраны қосылды. Бұндай оқиға биыл Жоғары хоккей лигасында да болған. «Сарыарқа» мен «ТХК» арасындағы ойында ескі Әнұран шырқалған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;