русский язык

Алматы 2022 жылғы Қысқы Олимпиаданы қабылдауы мүмкін

Алматы 2022 жылғы Қысқы Олимпиаданы қабылдауы мүмкін

Халықаралық олимпиадалық комитет (ХОК) 2022 жылғы Қысқы олимпиада ойындарын өткізуге ниет білдірген мемлекеттерден өтініш қабылдауды аяқтады.

Олардың қатарында: Қытай, Норвегия, Швеция астаналары Пекин, Осло, Стокгольм, Украинаның Львов қаласы мен Польшаның Краков қаласы және Қазақстанның ең ірі қаласы Алматы бар.

Бұдан бұрын Олимпиада ойындарын өткізуге бірнеше ондаған мемлекеттер ниет білдірген еді. Олар Босния, Чили, Канада, Франция, Испания және Швеция мемлекеттері. Сонымен қатар, Финляндия, Жаңа Зеландаия, Румыния, Австрия және Италияның бірнеше қалалары үміткерлер қатарында бар болатын.

2022 жылғы Қысқы олимпиада ойындары қай елде өтетіні 2015 жылы 31 шілдеде Куала-Лумпурда (Малайзия) өтетін ХОК 127-сессиясында белгілі болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;