Дзюдо

Халықаралық дзюдо федерациясы дзюдошылар рейтингісін жаңартты

Халықаралық дзюдо федерациясы дзюдошылар рейтингісін жаңартты
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Қытайда өткен әлемдік Гран При кезеңінен кейін дзюдошылар рейтингісін жаңартты, деп хабарлайды prosports.kz Қазақстан дзюдо федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап.

Халықаралық дзюдо федерациясы бекіткен ережеге сәйкес, жарыста І орын алған дзюдошы 700 ұпай, ІІ орын алған дзюдошы 490 ұпай, ІІІ орын алған дзюдошылар 350 ұпайға ие болады.

Жарыс чемпионы атанған Елдос Сметов жаңа рейтингте 21-ші орыннан 11-ші орынға көтерілсе, осы жарыста күміс жүлдеге ие болған Ғұсман Қырғызбаев өзінің 7-ші орнын сақтап қалды. 66 келіде қола жүлдегер атанған Елдос Жұмақанов 10-шы орынға жайғасты.

Жаңартылған рейтнгтегі қазақстандықтар (TOP-50):

60 кг

Ғұсман Қырғызбаев – 7 (3501)

Елдос Сметов – 11 (2523)

66 кг

Елдос Жұмақанов – 10 (2797)

73 кг

Жансай Смағұлов – 9 (2668)

90 кг

Ислам Бозбаев – 12 (2372)

-100 кг

Виктор Демьяненко – 38 (961)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер