Футбол деген бір ғажап!
Әлем футболы

Әлем чемпионаты тарихындағы 100 жүйрік (59-50)

Әлем чемпионаты тарихындағы 100 жүйрік (59-50)
news-banner7
mobile-news-top

2018 жылдың ең басты оқиғаларының бірі Ресей жерінде өтетін 21-ші кезекті Әлем чемпионаты екені сөзсіз. Жанкүйер қауым асыға күткен ала доп тойының басталуына бір айдан аз ғана уақыт қалды.

Сіз бен біз сарыла күткен сиқырлы сәтке санаулы ғана уақыт қалған орайда prosports.kz сайты сіздердің назарларыңызға Әлем чемпионаты тарихындағы әйгілі 100 футболшының есімін ұсынады. (Бұл тізімді Англияның «The Daily Mail» басылымы дайындаған).

Өткен бірінші санымызда 100-90, одан кейінгі екінші санымызда 89-80-ші , үшінші санымызда 79-70-ші, ал төртінші санымызда 69-60-шы орындағы аңыз ойыншыларды таныстырған едік. Енді бүгін 59-50-ші орындағы атақты футболшылар жайлы жазамыз.

59. Збигнев Бонек (Полша) 1978, 1982

Pole star: Poland striker Zbigniew Boniek is challenged by France's Gerard Janvion in 1982

1982 жылғы чемпионатта Полша командасы қола медалға қол жеткізді. Бонектің бейнесі де керемет болды. Ол сол кездегі Полша командасын өрге сүйреуші ретінде танылды.

58. Роналдиньо (Бразилия) 2002, 2006

Famous smile: Ronaldinho (right) celebrates with Cafu after that free-kick against England in 2002

Әлемнің болашақ жұлдызы 2002 жылғы әлем чемпионатында жарық етті. Англия командасына соққан әдемі айып добы оның атын бірден шығарды.

57. Габриэль Батистута (Аргентина) 1994, 1998, 2002

Rocking the baby: Gabriel Batistuta (centre) celebrates scoring a penalty past England's David Seaman (left)

Үш мәрте әлем чемпионатына қатысқан Батистута қатарынан екі әлем чемпионатында хет-трик жасаған тұңғыш футболшы.

56. Диди (Бразилия) 1954, 1958, 1962

Long-range effort: Didi (third right) shoots against England in 1962

Өткен ғасырдың орта тұсынан ауған мезгілдегі Бразилияның үздік ойыншыларының бірі. Сол кездері оның аты Пелемен қатар аталды.

55. Оливер Кан (Германия) 2002, 2006

At full stretch: Oliver Kahn dives to his right to make a save in 2002, when he was awarded the Golden Ball

Ол әлем чемпионатының «алтын добын» алған қақпашы(2002 жыл). Сол чемпионатта ол финалға дейін бар болғаны бір голды ғана өткізіп алған болатын. (финалда Бразилиядан 2:0 есебімен ұтылған.)

54. Джузеппе Бершоми (Италия) 1982, 1986, 1990, 1998

Acceptable in the Eighties: Giuseppe Bergomi as a Tom Selleck lookalike in the 1982 World Cup final

Төрт бірдей әлем чемпионатына қатысқан. Әлем чемпионатына қатысу бақыты оған бар болғаны 18 жасында-ақ бұйырған болатын.

53. Зико (Бразилия) 1978, 1982, 1986

Head and shoulders above the rest: Zico (left) was one of the finest players Brazil have ever had

Зиконың алған ат-атағынан ат үркеді. Мәселен, «Ақ нәсілді Пеле!» «Әлем чемпионатын бағындырмаған футбол патшасы!». 1982 жылғы чемпионатта ол бастаған Бразилия құрамасы тарихтағы ең мықты құрама атанған болатын.

52. Давид Вилья (Испания) 2006, 2010, 2014

Villa spark: David Villa scores for Spain against Portugal in the last 16 in 2010

Вильяның да үздік ойыншы екенін бәріміз білеміз. 2010 жылы Оңтүстік Африка жеріндігі оның 5 голы «Қызыл империяны» финалға алып шыққан болатын.

51. Джанлуиджи Буффон (Италия) 2002, 2006, 2010, 2014

Glove story: Gianluigi Buffon kisses the trophy after Italy's shootout win in 2006

2006 жылы Италияның чемпион атануына мол еңбек сіңірген футболшы. Ол Германия жерінде бар болғаны екі гол ғана жіберіп алған.

50. Лев Иванович Яшин (Бұрынғы кеңес одағы) 1958, 1962, 1966

Goalkeeping great: Lev Yashin pushes the ball acrobatically round the post during the 1966 World Cup in England

1958 жылы КСРО командасын бастап әлем чемпионатының ширек финалына жетті, әрі өзі чемпионаттың символдық құрамасына енді. 1962 жылы оның командасы алдыңғы төрттікке кірді. Яшин кейін UEFA-ның тарихтағы символдық құрамасының қатарын толықтырды.

Жалғасы бар...

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер