Теңбіл доп әлемі
Әлем футболы

Ахмед Муса Рамазанда 40 тұтқынға бостандық алып берді

Ахмед Муса Рамазанда 40 тұтқынға бостандық алып берді
news-banner7
mobile-news-top

Қазір мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айы. Құран түсірілген айда әлемнің мұсылмандары таң сәресінен кеш батқанға дейін ораза ұстайды. Әрине, оразаның міндеті аш жүрумен шектелмейді. Бұл айда мұсылмандар мүмкіндігінше жақсылық жасап, сауапқа кенелгісі келеді.

Сондай бір қайрымды істің басы қасында Нигерия құрамасы мен мәскеулік ЦСКА клубында жалда болған «Лестер» ойыншысы Ахмед Муса жүрген көрінеді, деп жазды деп Sportinglife.ng.

Африкалық ойыншы Кано қаласындағы 40 отандасын тұтқыннан босатып алыпты. Қарыздарын қайтара алмай темір торға тоғытылған қырық отандасының барлық қарызын жауып берген Ахмед Муса қаржылай қиындыққа тап болған бірнеше жеткіншекке де жәрдемші болыпты. Мұнысымен шектеліп қалмай Кано халқына ақшалай және азық түлікпен көмектескен көрінеді.

Ахмед Муса бұған дейін де өз елінде талай қайрымдылығымен көзге түскен.

Қазіргі уақытта ол Нигерия құрамасымен бірге Ресейде өтетін Әлем чемпионатына дайындық үстінде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер