Басқа

Қазақстан таеквондодан Азия чепионатында 4 жүлде алды

Қазақстан таеквондодан Азия чепионатында 4 жүлде алды
news-banner7
mobile-news-top

Вьетнамның Хошимин қаласында таеквондодан Азия чемпионаты мәресіне жетті.

Айтулы жарысқа 16 спортшы алып барған Ю Енг Джин мен Батырбек Есдәулетов бастаған Қазақстан құрамасы төрт жүлде еншіледі.

Жарыстың алғашқы күнінде Айтуар Шайкенов қолаға қол жеткізген. Кейін Смайыл Дүйсебай Азия чемпионы атанды.

Жарыстың соңғы күнінде Мереке Жүнісова қола жүлдені қоржынға салса, құрама көшбасшысы Руслан Жапаров күміс жүлде еншіледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер