русский язык
Теннис

Камила финалға шықты

Камила финалға шықты

Қазақстандық теннисші Камила Керімбаева Астанада өтіп жатқан жүлде қоры 10 мың доллар болатын ITF турнирінің ақтық сынына жолдама алды.

Камила жартылай финалда қырғызстандық Ксения Палкина кездесіп, үш сетте жеңіске жетті. Алғашқы сетте қырғыз теннисшісі 6:7 есебімен басым түскен. Дегенмен, қалған сетте Камила намысты қолдан бермеді. Әуелі 6:4 есебімен басым түссе, соңғы кезеңде тас-талқан етіп ұтты (6:1).

Керімбаева ақтық сында Елена Тарасова (Ресей) мен Альбина Хабибулина (Өзбекстан) жұбының жеңімпазымен күш сынасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;