Қысқы

Дмитрий Бабенко Қазақстан конькишілер құрамасын баптайды

Дмитрий Бабенко Қазақстан конькишілер құрамасын баптайды
news-banner7
mobile-news-top

Ұлттық конькишілер федерациясы спорттың үш түрінен бас бапкерлікке үміткерлер арасынан таңдау жасады. Шорт-тректен - Мәдіғали Қарсыбеков, мәнерлеп сырғанаудан - Құралай Узурова, конькимен жүгіру спортынан - Дмитрий Бабенко бас бапкер болды.

Еске салайық, «Спорт туралы» заңға сәйкес федерация командалар бапкерлері мен құрама мүшелеріне үміткерлерді ұсынады. Алғашқы екі кандидатура бірнеше жылдан бері өзгеріссіз қалған еді. Ал, Бабенко алғаш рет бас бапкер болды. Бабенко олимпиадалық іріктеуден өте алмай, Оңтүстік Кореядағы ойындарға қатыса алмады. Астанаға келген соң, спортшы Конькишілер федерациясынан жастарды жинап, оларды студенттер арасынан әлем чемпионатына қатысуға дайындау ұсынлды. Кейін Бабенконың командасы Минскіден алты медальмен оралды.

Жаңа команда өз жұмысын бастады. Жаңа маусымда түрлі ойындарда: масс-стартта, командалық жарыста, командалық спринтте қазақстандықтарды көруіміз мүмкін.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер