русский язык
Хоккей

Превью: «ЦСКА» – «Барыс»

Превью: «ЦСКА» – «Барыс»

«Барыс» хоккей клубы кезекті турда Мәскеудің «ЦСКА»-сымен кездеседі.

Екі командаға да ұпай аудай қажет. Жеңіс елордалықтар үшін топ тізгінін қолға алуға талас болса, мәскеуліктерге турнир кестесіндегі жағдайын жақсартуға керек. Әйтсе де, екі клуб та кейінгі кезде жиі жеңіліп жүр. «Барыс» 5 ойынның 3-еуінде есе жіберсе, «ЦСКА» 7 матчтың 4-еуінде қарсыластарына тізе бүкті. Клубтар өзара 10 рет кездесіп үлгерді. Статистика бойынша астаналықтар алда тұр. Олар 7 ойында жеңіске жетті әрі соғылған шайба бойынша да алда тұр (40 – 25).

Қос команданың үздіктері ойынға қатысады. Брэндон Боченски 22 (14 шайба, 8 пас), Николай Прохоркин 18 ұпаймен (12 шайба, 6 пас) өзгелерден оқ бойы алда. Жарақатына байланысты «ЦСКА» хоккейшілері Зубов пен Первышин айдынға шықпайды.

Басталуы: 15 қараша, 21:30.

Арена: «ЦСКА» мұз айдыны

Көрсетілім: КХЛ ТВ, KAZsport, Viasat Finland, XSport, video.khl.ru

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;