русский язык

Футболдан ӘЧ – 2014. Уругвай мен Мексика қарсыластарын ойсыратта ұтты

Футболдан ӘЧ – 2014. Уругвай мен Мексика қарсыластарын ойсыратта ұтты

Футболдан 2014 жылы Бразилияда өтетін әлем біріншілігіне іріктеу плей офф кезеңнің алғашқы матчтары өтті.

Уругвай сырт алаңда Азияның  бесінші командасы Иорданиямен кездесті. Оңтүстік Американың беделді ұжымдардың бірі қарсыластарына еш мүмкіндік бермей, ірі есеппен жеңіске жетті.

«Иордания» - «Уругвай» - 0:5

Голдар: Макси Перейра 22, Стуани 42, Лодейро 69, Родригес 78, Кавани 90+2

 «Иордания»: Шатнави, Одай Захран (Баваб, 54), Махаммад Али, Аднан Шариф, Зейяд Тарег, Мурджан, Аль-Шахран, Бани Аттия (Аль-Халди, 65), Аднан Адус, Аль-Саифи (Аль-Лахам, 59), Хайел

 «Уругвай»: Силва, Касерес, Лугано, Годин, Макси Перрейра, Родригес, Стуани (Рамирес, 70), Лодейро (Альваро Перейра, 70), Аревало Риос, Суарес (Форлан, 81), Кавани

 Ескерту алғандар: Аль-Саифи, Мурджан, Аль-Лахам

 

Мексика өз алаңда Жаңа Зеландияны қабылдады. Конкакаф зонасында төртінші орын алған Ацтектер бұл кездесуде жақсы қырынан көріне білді. Қарсыластарының қақпасына 5 гол соққан мексикандықтар, артынша қонақтардан бір гол жіберіп алып, ірі жеңіске қол жеткізді.

 «Мексика» - «Жаңа Зеландия» - 5:1

Голдар: Агилар, 32, Хименес, 40, Перальта, 48, 80, Маркес, 84 - Джеймс, 85

 «Мексика»: Муньос, Лаюн, Ф. Родригес, Валенсуэла, Агилар, Монтес (Зинья, 59), Маркес, Медина, Пенья (Эскобоса, 64), Хименес, Перальта (Молина, 83)

 «Жаңа Зеландия»: Мосс, Дюрант, Вицелич, Локхед, Смит, Макглинчи, Кристи (Джеймс, 54), Бертос, Барбарусес, Броки (Рохас, 60), Вуд (Фаллон, 66)

 Ескерту алғандар: Вуд, Вицелич, Дюрант, Бертос, Джеймс

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;