Әлем футболы

Чемпиондар лигасы: Киевте кімнің бағы жанады

Чемпиондар лигасы: Киевте кімнің бағы жанады
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін түнде уәделі уақыт 00:45-те 2017-18 жылғы Чемпиондар лигасының финалдық кездесуі өтеді, деп жазады prosports.kz сайты.

Украина астанасы Киев қаласында өтетін ақтық бәсекеде испаниялық «Реал Мадрид» пен англиялық «Ливерпуль» командалары күш сынасады.

Қатарынан үшінші жыл чемпион атану VS 13 жылдан кейінгі алғашқы жүлде

«Реал Мадрид» командасы екі жыл қатарынан Еуропаның басты додасын жеңіп алған еді. Сөйтіп, Чемпиондар лигасының тарихында қатарынан чемпион атанған алғашқы команда болған еді. Егер биыл тағы жеңіске жетсе жаңа рекордтың мұртын бұзатын болады.

Ал «Ливерпуль» соңғы рет финалда 2007 жылы ойнады. Ол кезде италиялық «Миланға» есе жіберіп алған еді. Ал чемпиондық атаққа қол жеткізген кезі тіпті ерте. 2005 жылы тағы да осы «Миланмен» финалда жолыққан. Стамбул төрінде англиялықтардың жолы болған болатын.

âÑеал мадÑид Ñемпион лига Ñемпионов 2017âçå¾çæç´¢ç»æ

Кездесулер таихы

Қос команда чемпиондар лигасы тарихында бес мәрте кездескен. Соның екеуінде «Реал», үшеуінде «Ливерпуль» жеңіске жеткен. Доп айырмасы 4-те 6. Бұлар соңғы рет 2014-15 жылы топтық кезеңде кездесті. Ол кезде мадридтік команда 3:0 және 1:0 есебімен екі ойында да жеңді. Ал одан сәл ертерек 2008-09 жылы 1/8 финалда жолдары түйісіп, келесі кезеңге мерсисайдтық команда өткен. Қос ойынның қорытындысы 1:0 және 4:0!

Бұдан бөлек өткен ғасырда, 1980-81 жылы, Чемпиондар кубогының финалында күш сынасқандары бар. Париж қаласында өткен кездесу 1:0 есебімен «Ливерпульдің» пайдасына шешілген еді.

Cç½è¨èµ«æå°å±å¼æ­£é¢PK

Роналду VS «Үш ноян»

Биыл «Реал Мадридтің» қарқыны жылдағыдай емес. Ла лига мен Испан кубогында жолы болмады. Тек 2018 жылдың табалдырығын аттағалы бері ғана команда ойыны сәл оңалды. Оған басты себеп, Роналдудың гол соға бастауында болса керек. Ла лиганың алғашқы айналымында 4 гол ғана соққан португалиялық екінші айналымда 22 гол соқты. Чемпиондар лигасында осы маусымда 15 гол соғып, сұрмергендер көшін бастап тұр.

Ал «Ливерпуль» клубы бұған ұқсамайды. Бір ойыншының гол соғуына қарап отырған олар жоқ. Қарсыластың айып алаңын шаңға көметін үш бірдей шабуылшысы бар. Бұған бір ғана мысал, Салах, Мане, Фирмино үштігі биыл Чемпиондар лигасында 29 гол соқты. Алғашқы екеуінің еншісінде 10 голдан бар болса, соңғысы 9 нәтижелі соққы жасаған. Осы үш алыптың бастауымен «Ливерпуль» командасының Чемпиондар лигасында соққан голдар саны 46- ға жетті.

âлига Ñемпионов Ñеал ливеÑпÑлÑâçå¾çæç´¢ç»æ

Зидан VS Клопп

Бұл қос бапкердің алғашқы рет кездесуі. Бұған дейін команда бастап күш сынасудың сәті түспеген екен.

Зинедин Зидан 2016 жылдың басында «Реал Мадрид» тізгінін ұстағалы бері Чемпиондар лигасын екі мәрте жеңгенін айттық. Бұдан бөлек, екі кезек клубтар арасындағы әлем чемпионатын, екі рет Еуропа Суперкубогын жеңіп алды. Демек, өзі қатысқан 6 финалда да жеңіліп көрген жоқ.

Ал Юрген Клопп финалда жолы ауыр бапкер. Алты мәрте финалда бақ сынап, соның бесеуінде жолы болмаған екен. Сонау 2012 жылы «Боруссия» Дортмунд командасын бастап Германия кубогының финалында жеңіске жеткен еді. Одан бері өзі қатысқан Чемпиондар лигасының финалы, екі рет Германия кубогының финалы және «Ливерпульге» келгелі Англия кубогы мен Еуропа лигасының финалында қарсыластарына жол берді.

Негізгі құрамда шығуы мүмкін құрам:

«Реал Мадрид»: Навас, Карвахаль, Варан, Рамос, Марсело, Каземиро, Модрич, Кросс, Иско, Бэйл, Роналду.

«Ливерпуль»: Кариус, Александер-Арнольд, ван Дейк, Ловрен, Робертсон, Хендерсон, Милнер, Вейналдум, Салах, Мане, Фирмино.

Естеріңізге сала кетейік, финал бүгін түнде Астана уақыты 00:45-те басталады. Матчты Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер