Бокс

Альварестің командасы Головкинмен реванш өткізу бойынша келіссөздің неліктен тоқтағанын айтты

news-banner7
mobile-news-top

Альварестің командасы Головкинмен реванш өткізу бойынша келіссөздің неліктен тоқтағанын айтты, деп жазады prosports.kz сайты kaz.tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Хабарламада жазылуынша, Golden Boy Promotions президенті Эрик Гомес Альварес пен Головкиннің қарымта кездесуге қатысты келіссөздердің тоқтап қалғанын айтқан.

Оның сөзіне қарағанда, келіссөздер бейсенбіге дейін жақсы жүрген, алайда Головкиннің командасы өзінің жаңа талаптарын қойып, оны Гомес ерсі әрі қабылдауға келмейтін өрескел талаптар деп есептеген.

Ол Коловкиннің командасына келісімшартты осыдан алты апта бұрын бергенін алға тартып, содан бері жауабын ала алмай жүргенін айтуда. Оның айтуынша қазақстандық боксшының командасы келісімшартқа қол қоймау үшін әдейі жөнсіз талап қойып отыр. Бұның себебі, Головкин Альварестен қорқатын болса керек.

Еске сала кетейік, Головкин - Альварес реваншы 5 мамырда өтуі тиіс еді, алайда мексикалық боксшы допингке қатысты дауға тап болды. Альварес допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін алты айға шеттетілген болатын. Енді қос тарап осы жекпе-жекті қайта ұйымдастыру үшін күш салып жатыр.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер