Бокс

Головкин - Альварес рематчы өтпей қалуы мүмкін

news-banner7
mobile-news-top

ESPN телеарнасының тілшісі Дэн Рафаэль қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен (38-0-1, 34 КО) мексикалық Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы алдағы уақытқа жоспарланған жекпе-жектің қаржылық талаптарына алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Қазір Головкин ықтимал жекпе-жектің ең тиімді шарттарын иемденуге лайықты. Ол 50-де 50 талабын ұсынып отыр. Меніңше, бұл негізсіз» - дейді Дэн Рафаэль.

Естеріңізде болса, Головкин-Альварестің қарымта жекпе-жегі 5 мамырда өтеді деп жоспарланған. Алайда, Альварестің допинг-сынамасы оң нәтиже беруіне байланысты жекпе-жек кейінге шегерілген еді. Тіпті БАҚ Геннадий Головкин мен Сауль Альварес жекпе-жегі өтетін орнды да белгілеп тастаған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер