«Астанаға» австриялық шабуылшы ауысуға жақын

news-banner7
mobile-news-top

Австриялық шабуылшы Кевин Фризенбихлер «Астанаға» ауысуға жақын.

Бұл туралы австриялық Sky Sports инсайдері Йоханнес Брандль айтты.

Оның сөзінше, Фризенбихлер қазір елордалық клубқа ауысу үшін медициналық тексерістен өтіп жатыр екен.

Айта кетейік, Фризенбихлердің мансабы мюнхендік «Баварияда» басталған. Кейін лиссабондық «Бенфикаға» ауысты. Бірақ бұл екі клубта да жастар командасында ойнаған. Португалиялық клубта жүргенде екі рет жалға берілді – польшалық «Легияға» және австриялық «Аустрияға».

Былтыр «Аустрия» 24 жастағы шабуылшыны толығымен сатып алды. Ал Кевин өткен маусымда жақсы нәтиже көрсеткен: 39 матч, 9 гол мен 10 нәтижелі пас.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер