Әлем футболы

Рамос: Салах мықты, алайда Роналду мен Месси өзге ғаламшардан

Рамос: Салах мықты, алайда Роналду мен Месси өзге ғаламшардан
news-banner7
mobile-news-top

«Реал» командасының капитаны Серхио Рамос «Ливерпуль» шабуылшысы Мохамед Салахты әзірге Роналду мен Мессимен салыстыруға ерте деп есептейді.

«Месси мен Роналду өзге ғаламшардан. Кейбір ойыншылар азғана уақыт олардың деңгейінде ойнауы мүмкін. Алайда уақыт өте олар жай жақсы ойыншыға айналады. Дегенмен Салахта әлі бірнеше жыл жоғарғы деңгейде ойын өткізетін мүмкіндік бар», - деді Серхио Рамос.

Ертеректе Салах өзгелердің өзін Месси және Роналдумен салыстырғанына қуанышты екендігін айтқан.

Естеріңізге салсақ, бүгін Астана уақытымен 00:45-те Украина Астанасы Киевта Чемпиондар лигасының финалы өтеді. Финалда «Реал мен «Ливерпуль» кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер