Теннис

«Ролан Гарростың» жеребесі тартылды

«Ролан Гарростың» жеребесі тартылды
news-banner7
mobile-news-top

Жексенбіде теннистен Франция ашық біріншілігі басталады. Жарыс алдында Парижде турнирдің жеребесі тартылды.

Биылғы «Ролан Гарростың» негізгі кезеңінде үш қазақстандық спортшы ойнайды. Еліміздің бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин испаниялық Альберт Рамос-Виноласпен жұп құрады. Әйелдер арасындағы сында Зарина Дияс Польша теннисшісі Магда Линетпен кездессе, Юлия Путинцева британиялық Йоханна Контамен кортқа шығады. «Ролан Гарростың» былтырғы чемпионы Рафаэль Надаль алғашқы ойында украиналық Александр Долгополовтың қарымын байқайды.

- «Ролан Гаррос» турнирі – мен үшін ерекше жарыс. Топырақ корттағы финал әлемдегі мәртебелі матч саналады. Мұндағы жарыс алаңдарында талай мәрте қуанышты сәттерім өтті. Менің жеңістерімнің көбі осы құмды корттарда болды. Өзге де теннис төсеніштерінде жетістікке жеттім. Тағы да топ жаруға тырысамын, - деді әлемнің бірінші ракеткасы Рафаэль Надаль.

Түпнұсқасы: 24.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер