Бокс

Данияр Елеусіновтің екінші жекпе-жегі Лондонда өтеді

Данияр Елеусіновтің екінші жекпе-жегі Лондонда өтеді
news-banner7
mobile-news-top

Лондон қаласындағы Йорк-холл орталығында Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов кәсіби бокстағы екінші жекпе-жегі 6 маусымда өтеді. Әзірге боксшының қарсыласы белгісіз, деп хабарлайды Prosports.kz Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі таңда Данияр Флоридадағы жаттығу алаңында өзінің жеке бапкері Джон-Дэвид Джексонның жетекшілігімен дайындалып жатыр. Сондай-ақ таяу уақытта Даниярдың жаттығу алаңына әкесі, жаттықтырушы Марат Елеусінов пен ағасы, орта салмақта өнер көрсететін, кәсіби боксер Дәурен Елеусінов те қосылады.

«Флоридада жаттығып, Джон-Дэвидтен сабақ алу керемет. Мен күн сайын жақсы кәсіби боксшы болуыма көмектесетін жаңа дүниелерді үйреніп жатырмын. 6 маусымдағы жекпе-жегімді асыға күтіп жүрмін», - деп ой бөлісіті Данияр Елеусінов.

«Әуесқой бокста ең бастысы – бал жинау, бірақ мен бұл кездесу барысында Даниярдың жинақы, қатал, қарсыласына соққыларын барынша дөп тигізуді ойлағанын қалаймын», - дейді Джон-Дэвид Джексон.

Данияр кездесуін жартылай ауыр салмақтағы WBA Continental және Британдық серіктестіктің чемпионы белбеуіне таласатын Лоуренс Околи мен Люк Уоткин арасындағы жекпе-жектің алдында өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер