Бокс

British Lionhearts командасына қарсы жұдырықтасатын «Астана арландарының» құрамында өзгеріс болды

British Lionhearts командасына қарсы жұдырықтасатын «Астана арландарының» құрамында өзгеріс болды
news-banner7
mobile-news-top

Бүкіләлемдік бокс сериясының жартылай финалы аясындағы British Lionhearts командасына қарымта кездесу өткізетін «Астана арландарының» құрамында өзгеріс болды.

26 мамыр күні Атыраудағы «Жайық» спорт кешенінде өтетін «Астана арландары» — British Lionhearts арасындағы қарымта кездесуде сынға түсетін боксшыларымыз белгілі болған еді. Бүгін сол құрамда өзгеріс болды. 60 келіде шаршы алаңға шығады деп жоспарланған Зәкір Сайфуллиннің орнына Серік Теміржанов жұдырықтасады.

Айта кетйеік, «Арландар» сапында 52 келі салмақта Сәкен Бибосынов жұдырықтасса, 69 келіде Асланбек Шымбергенов, 81 келіде Бек Нұрмағанбет және аса ауыр салмақта Қамшыбек Қоңқабаев өнер көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер