Әйелдер футболының комитеті өз жұмысын бастады

Әйелдер футболының комитеті өз жұмысын бастады
news-banner7
mobile-news-top

Астанада Қазақстан футбол федерациясының кеңсесінде жақында ғана құрылған Әйелдер футболының комитеті алғашқы жұмыс жиынын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиында комитет қызметінің жұмыстары мен ұйымдастыру мәселелері қаралды. Сонымен қатар, 2018 жылғы жұмыс жоспары талқыланды.

Комитет төрағасы Бауыржан Әбдубайытов әйелдер футболының қазіргі жағдайына тоқтап, келешегінің бағыт-бағдарын атап өтті.

Әйелдер футболының комитетінің құрамына кіргендер: Комитет төрағасының орынбасары – ҚФФ Атқарушы комитет мүшесі, «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма директоры Майя Егімбаева, Қазақстан футбол федерациясының бұқаралық, әйелдер футболы мен футзал департаменті директорының орынбасары Вадим Горбенко, әйелдер футболының жаттықтырушылары Орынбасар Дәуренбекова және Нина Тетерина.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер