Бокс

Оскар де ла Хойя: Головкин Альварестен қорқады

Оскар де ла Хойя: Головкин Альварестен қорқады
news-banner7
mobile-news-top
Golden Boy промоутерлік компаниясының бас директоры Оскар де ла Хойя Сауль «Канело» Альварес пен Геннадий Головкиннің реваншын өткізу үшін келіссөздер қиындыққа түсіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі со vringe.com сайтына сілтеме жасай отырып.
Промоутер Головкин келіспесе,таяу уақытта күзгі жекпе-жекке басқа боксшылармен келіссөздер жүргізуді бастауға ниетті екендігін айтты. Себебі, Головкин рингке мексикалықпен қайта шыққысы келмейді. GGG мен «Канело» реваншы 15 қыркүйекте өтуі мүмкін.
«Бізге Головкиннің «Канеломен» айқасқысы келмейтіні белгілі. Альварес жекпе-жек үшін барын жасап бақты. Олар ұсынған барлық талаптардан кейін, «Канелоның» допинг-сынамасынан кейін, VADA бағдарламасына кіргеннен кейін және Невада Атлетикалық комиссиясының кездейсоқ өткізген тестілеуінен кейін GGG-дің қорқатыны анық. Ия, ол анық, Головкин бізден қорқады. Головкин келіспесе, Дэниэл Джейкобс, Билли Джо Сондерс, Джермалла Чарло және Гэри О'Салливанның адамдарына қоңырау шалуды бастаймыз», - деді Де Ла Хойя The Ring-ке берген сұхбатында.
Оскардың айтуынша, Головкиннің промоутері Том Леффлер оған GGG-дің «айқасқысы келмейтінін» айтқан.

«Томның бар айтқаны осы. Бірақ, олар қазір қолдарында бар шарттан басқасын алмайды», - дейді промоутер.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер