Теннис

Кукушкин, Путинцева және Дияс «Ролан Гарроста» ойнайды

news-banner7
mobile-news-top

Биылғы «Ролан Гарростың» негізгі кезеңінде үш қазақстандық спортшы ойнайды, деп хабарлайды 24.kz порталы.

Еліміздің бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин испаниялық Альберт Рамос-Виноласпен жұп құрады. Әйелдер арасындағы сында Зарина Дияс Польша теннисшісі Магда Линетпен кездессе, Юлия Путинцева британиялық Йоханна Контамен кортқа шығады.

«Ролан Гарростың» былтырғы чемпионы Рафаэль Надаль алғашқы ойында украиналық Александр Долгополовтың қарымын байқайды.

Турнирдің негізгі кезеңінің матчтары 27 мамырда басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер